» » Әдебиет саласы әлемге танылуда

Әдебиет саласы әлемге танылуда

Әдебиет саласы әлемге танылуда

Алматыдағы Ұлттық кітапханада халықаралық қазақ ПЕН клубының жалпы отырысы өтті. Клуб президенті Бигелді Ғабдуллин басшылық еткен жиынның күн тәртібінде ПЕН клубтың Тауық жылында атқарылған іс-шаралары қорытындыланып, биылғы күнтізбеде жоспарланған жұмыстарының жай-жапсары талқыланды.

Жылдық есепті тыңдауға жиылған қауым алдымен 77 жасында дүниеден озған ПЕН клуб мүшесі, филология ғылымдары¬ның докторы, ақын, сыншы Өтеген Күмісбаев¬ты үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін Бигелді Ғабдуллиннің 2017 жылды қорытындылайтын баяндамасы тыңдалды.

Бүгінде халықаралық қазақ ПЕН клу¬бы¬¬ның 49 мүшесі бар. Былтыр мүше¬лікке қазір Нью-Йоркте тұратын дүниежүзіне белгілі ақын Бақытжан Кенжеев пен жас ақын Мақпал Жұмабай қабылданды.

ПЕН клуб былтыр Ұлыбританияда Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» кітабын шы¬ғар¬ған. Енді Астанада осы кітаптың тұсау¬ке¬серін жасауды жоспарлауда. Бұдан бөлек Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлу» шығармасы екі түрде ағылшын тілінде басы¬лып шықты. Аудармашы – Саймон Гейган. Біріншісі – ағылшындардың ди¬зай¬нымен «Рессел Пресс» баспасынан жарық көрсе, ендібірі өзіміздің табиға¬ты¬мыз¬ға тән үлгіде басылыпты. Алматы және Астана қалаларында Саймон Гейган мен Саймона Холингсворт сынды белгілі аудармашы¬лар¬дың қатысуымен ағылшын тіліндегі «Қаралы сұлудың» тұсауы кесіліп, таныс¬ты¬рылым да өткен. «Бұл кітап Пушкин¬ді аударған Антони Вудтың қолы¬на тиіп, сапалы аударылған жақсы туынды деген жоғары бағаға ие болды» дейді президент. Бүгінде Ұлыбританияның Penquin дейтін бас¬пасы дәл осы шығарманы өз бастама¬сы мен қайта жарыққа шығаруды көздеп отыр екен. «Бұл баспа авторлық құқық иелері мен аудармашыларға қаламақысын төлеп, барлық қаржылай шығынын өз мойнына алып Мұхтар Омар¬хан¬ұлының біздегі кітабын қайта шығаруды ұсынып отыр. Ағылшын баспасының бұл бастамасы шын мәнінде, жүзеге асатын болса, әдебиет саласы үшін жақсы жаңалық болар еді. Әрі басқа да қаламгерлеріміздің туындыларын шет тілінде шығару үшін серіктестікке қол жеткізудің мүмкіндігі тумақ» деді Бигелді Қайырдосұлы.

Жазушы Ғаббас Қабышевтың «Көңіл көгінде» атты туындысы жарық көрді. Толыққанды энциклопедияға пара-пар кітап¬қа дүниеден өткен 50-ден астам қала쬬гердің өмірі мен шығармашылығы тура¬лы естеліктері енген. Денсаулығына байла¬нысты қорытынды шараға қатыса алма¬ған автордың еңбегіне зиялы қауым өкілдері «бұл туынды – өмірден көзі кетсе де, әдебиетке сіңірген еңбектері арқылы өзі қалған қаламгерлерді еске алатын реквием» деген баға берді.

Былтыр ПЕН клуб ақын, публицист, прозаик Адольф Арцишевскийдің 80 жылдығын атап өтіп, мерейтой қарсаңында «Созвучие» деп аталатын өлеңдер жинағын шығарған. Жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде Шұға Нұрпейісованың «Человек в интерьере» атты кітабына арналған оқыр¬ман конференциясы өтті. Қаламгерлер тарапынан «Бұл кітап жеке әрі көлемді рецензия мен тыңғылықты сараптаманы қажет етеді» деп баға берілген туындыны Мәдениет және спорт министрі Арыс¬танбек Мұхамедиұлы арнайы алдыртқан. Осы орайда, ПЕН клуб мүшелері мәдениет пен руханиятқа қосар үлесі зор мұндай шығарманы мектеп оқушылары жастанып оқу керектігін жеткізіпті.

ПЕН клубтың мүшелері Нұртөре Жүсіп, Әлібек Асқаров, Фархат Тамен¬да¬ров, Қуаныш Жиенбай мүшелері Қытай¬дың Сиань қаласында өткен қытай-қазақ жазушыларының симпозиумына қатысып, екі ел арасындағы әдеби қарым-қатынасты реттеуге атсалысуда. Биыл сәуір айында мұндай симпозиумды елімізде өткізу жоспарлануда. Қытайдың белгілі бес қалам¬гері арнайы шақырылып та қойған. «Көр¬шілес тұрып, қытайдың атақты ақын-жазушыларынан хабарымыз аз. Сондықтан мұндай іс-шараларды өткізуді жақсылап қолға алуымыз қажет» деді ПЕН клуб президенті. Бұдан өзге биыл АҚШ, Израиль, Ресей, Германия, Францияның әйгілі жазушыларының қатысуымен Алма¬ты¬да халықаралық жазушылар конфе¬рен¬ция¬сын өткізу жоспарлануда. ПЕН клуб¬тың негізгі мақсат-мүддесіне қବла쬬¬герлердің құқығын қорғау мен елі¬міз¬¬дегі әдебиет саласын шет мем¬ле¬кет¬терде таныту ісі жататынын ескерсек, мұндай дүние¬жүзілік шараның алып шаһарымызда өтетіні құптарлық іс. Оның үстіне, клуб мүшелері бұл конференцияға аты әлемге мәшһүр жазушылардан бөлек, әдебие¬ті¬міз¬ді өзге елде дамытуға септігін тигізіп, көмегін көрсете алатын сала мамандары – баспагерлер, аудармашылар, әдеби сын¬шы¬лар мен журналистерді шақыруды көз¬деп отыр. Шара барысында әдебиет май¬тал¬мандары, ақын-жазушылар мен журналистер күн тәртібіне қойылған мәсе¬ле¬лер турасында ұсыныс-пікірлерін айтты.

Жиын соңында халықаралық қазақ ПЕН клубының жыл сайынғы сыйлығы табысталды. Былтыр 70 жылдық мерей¬тойын тойлаған ақын, драматург Иранбек Оразбаевтың кеудесіне «Мағжан Жұма¬баев» атындағы алтын төсбелгі тағылып, 10 мың АҚШ долларын құрайтын ақшалай сыйақы да берілді. Ақын ПЕН клуб жұмы¬сына қатысты оймен бөлісіп, қаламгерлер қауымына көрсеткен құрметі үшін алғысын білдірді.

Айтпақшы, qazaqpen-club.kz ресми сайты үш тілде іске қосылыпты. Мұнда ПЕН клуб мүшелерінің еңбектері жария¬ла¬нып отырмақ.

Айдана НҰРМҰХАН
Айкын
Автор admin, 30-01-2018, 09:00
0