» » Қазақ кітабы – Америкада

Қазақ кітабы – Америкада


Құрылтайда Қазақ ПЕН-клу­бының президенті Бигелді Ғаб­дуллин ұйымның өткен жылғы жұмысы туралы есеп берді. Әсі­ресе, шетелде әдеби аударманы ұйымдастыру орайында бір­шама ілкімді істер атқарылған екен. Бұл жұмысқа алғаш рет аме­рикалық және ағылшындық кәсі­би тәржімашылар тартылыпты. Сөйтіп, Қазақ ПЕН-клубының тапсырысы бойынша Нью-Йорктегі Метрополитен Классик баспасынан өткен жылы Олжас Сүлей­меновтің «Сөз кілті», Сма­ғұл Елубаевтың «Ақ боз үйі», Әбіш Кекілбаевтың «Аңыз­дың ақыры» кітаптары ағыл­шын тіліне аударылып, жарық көрген. Бұл игілікті іске Катрин Фитцпатрик, Марина Влади, Ихар Козак сынды білікті тәр­жімашылар білек сыбана кірісіп, өз үлестерін қосқандығы да назардан тыс қалмады.

Бір айтарлығы, осынау әрбір кітап таныстырылым үшін кәде­сыйлық сипатта 300 данадан басылып, сондай-ақ интернет-алаңда орналастырылған.

Сөйтіп, бұл арада кітапты Amazon, Barnes&Noble, Ingram арқылы әлемнің кез келген түкпірінен сатып алуға болады. Кітаптар тапсырыс берушінің қалауы бойынша, жұмсақ мұқабалы нұсқада да, сондай-ақ электронды пішімде де жіберіле береді. Таныстырылымдық даналар АҚШ-тың ірі кітапханаларына, еліміздің мәдениеті мен тілі оқытылатын университеттер мен колледждерге, орталық бас­па­ларға, АҚШ-тағы Қазақстан ел­шілігіне және Қазақстан Рес­публикасының БҰҰ-дағы өкілдігіне таратылып берілгені де құба-құп.

Аталмыш кітаптар 2016 жылдың қыркүйек-қазан айла­рында Галицияда (Испания) халықаралық ПЕН отырыстарында және Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде таныстырылып, талғампаз қауымға көзайым етілген болатын. Алғашқы пі­кір­лерден-ақ бұл кітаптардың әлем оқырманына ұнай бас­тағанын байқағандаймыз. Баспа рецензентінің О.Сүлейме­нов­тің кітабына берген баға­сы бар­шамызға мерей. Ал «Аңыз­дың ақыры» романы туралы америкалық сыншының ғажап пікірін Әбіш ағаның ести алмай кеткені қандай өкінішті десеңізші!

Интернет-портал арқылы кітап сату басталып та кетіп­ті. Осы ретте өткен жылдың қа­ра­шасында Смағұл Елубаев­тың кітабы Амазонда «Апта кітабы» деп танылуы қазақ жазу­шыларының мұхиттың ар жа­ғындағы әлеуетін айқын аңдат­қандай.

Сондай-ақ, 2016 жылы орыс және қазақ тілдерінде жас қа­зақстандық прозашылардың қос томдығы шығарылған. Қазақ ПЕН-клубының делегация­сы бірқатар халықаралық іс-ша­раларға қатысқан. Құрылтайда Фархат Та­мендаров пен Нұртөре Жүсіп Қазақ ПЕН-клубының вице-пре­зиденттері болып сайланды. Сонымен қатар, канадалық Mosaic Press баспасымен ке­лісімге қол қойылғандығы жа­рия етілді. Сөйтіп, «Біз – қазақ­тар...» серия­сымен кітап шы­ғару жөніндегі жұмыс жал­ғасын таппақ. Бұл жоба аясында отандық авторлардың таңдаулы шығармалары ағыл­шын тіліне аударылып, АҚШ пен Ұлыбританияда жарық көр­мек. Осы орайда соңғы тұсауы ке­­сілген кітаптардың бірі Ге­рольд Бель­гердің таңдамалысы екендігін айтқан ләзім.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/qazaq-kitaby-%E2%80%93-amerikada

Ìåòêè ê ñòàòüå: по новости

Автор admin, 15-11-2017, 12:21
1
DavidEdild, 5 сентября 2018 09:07
http://bit.ly/2vdgnj1 Money Amulet (low price) Персональный магический амулет на богатство. Изготавливается только из имперских монет, заговаривается на имя конкретного человека. Оберегает от финансовых неудач и помогает выйти на новый уровень жизни. http://bit.ly/2vdgnj1 Денежный амулет